Қазақша рефераттар сайты
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар

Тәуелсіз елдің бақытты балалары
[ Скачать с сервера (12.4 Kb) ] 06.02.2013, 10:47

      Мен- тәуелсіз   Қазақстанның  ұрпағымын. Мен  өте  бақыттымын. Себебі  әрқашан  менің  жанымда  атам  мен  апам , анам  мен  әкем, әкпем  мен  інім  бар. Біз  тату  отбасымыз. Әсіресе  бірге  отырып  кешкі  тамақ  ішкен  уақыт  маған  өте  ұнайды. Сол кезде  әрқайсымыз  күні  бойы  атқарған  істерімізді  ортаға  саламыз. Мен  4- сыныпта  оқимын. Сабағым  өте  жақсы, еш  қиналмай,  қызығып  оқимын. Өзімнің  мұғалімім  Бақыт  әпкиді  сыйлаймын. Сабақтан  тыс  уақытта  мұғалімдердің  тапсырмаларын  орындау  үшін  ауыл  және  аудандық  кітапханаға  барамын. Сыныптастарымызбен   бірге  жиналып, кітаптармен  журналдарды  ашып  мәліметтер  іздлейміз, ал  аптасына  төрт  рет  мен  спорт  мектебіне  күреске  қатысамын. Ағайымыз  бізді  күшті, епті, шымыр  болсын  деп  жаттықтырады. Біраз  жарыстарға  барып  жүлделі  орындарға  ие  болдым. Арманым – Олимпиада  чемпионы  болу.

      Атам  күн  сайын  теледидардан  жаңалықтарды  көреді. Сонда  мені  де  қасына отырғызып  алады. Кейде  жер  бетінің  жан-жағында  соғыс  болып  жатқанын, кішкентай  балалардың  жетім  қалғанын, тіпті,  мендей  балалардың  қолына  қару  алғанын  көргенде  жаным  шошиды.

    Бейбіт  өмір  сүріп  жатқанымыз  қандай  бақыт! Осы  жайлы  мен  атама  айтып,  кейде  армандап  кетемін. Кейде  мен  әлем  чемпион  болғанымды, кейде  ұшқыш  болып  көк  аспанда  самғап  жүргенімді, ал  басқа  кезде  жүйрік  аттарды  баптап , жарысқа  қосып  жеңіске  жетіп  жатқанымды,  тіпті, сахнаға  ән  айтып  эстрада  жұлдызы  болғанымды  елестетіп  айтам. Сонда   атам  маған: «сен-тәуелсіз  елдің  баласысын.  Сенің  алдында  есіктің  бәрі  ашық. Қалаған   арманын  орындалады. Тек  жақсы  оқып, тәртіпті  болсаң  болғаны. Және  де, балам, туған  еліңді  сүй, бейбіт  өмірдің  қадірін  біл»- дейді.

 

Категория: Қазақша рефераттар | Добавил: Galabrat
Просмотров: 2755 | Загрузок: 184 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 1.3/3
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: